«Өнегелі отбасы – өрелі ұрпақ»

 №15 кітапханада Отбасы күніне «Өнегелі отбасы – өрелі ұрпақ» атты сыр-сұхбат кеші болып өтті.
 Шараның мақсаты – отбасының қоғамдағы маңызын түсіндіру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлу және өмірлік тәжірибесі мол жандардың өнегесін кейінгі ұрпаққа үлгі ету.
  Сыр-сұхбат кешінің қонағы ауыл тұрғыны, көпбалалы ана, мейірімді әже, саналы ғұмырын бала тәрбиесі мен білім беру жолына арнаған Жұмакүл апай шақырылды.
 Шара барысында Жұмакүл апай өзінің өмір жолы, отбасы тәрбиесі, көпбалалы ана ретіндегі тәжірибесі, бала тәрбиесі мен білім берудің маңызы туралы сыр бөлісті. Сонымен қатар, ата-ана мен бала арасындағы сыйластық, отбасындағы мейірім мен татулық, ұлттық тәрбие, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу және ұрпақ сабақтастығы жөнінде тағылымды әңгімелер айтылды.
Қатысушылар қонағымызға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өмірлік тәжірибесінен құнды кеңестер алды. Жұмакүл апай жас ұрпаққа ақыл-кеңесін айтып, білімге ұмтылудың, еңбексүйгіштік пен адамгершілікті бойға сіңірудің маңыздылығына тоқталды.
10 қыркүйек 2026 ж. 14

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам