«Кітапхана – руханияттың ордасы»

№1 кітапханада жаңа оқу жылының басталуына орай кітап оқуды насихаттау, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Кітапхана – руханияттың ордасы» атты ашық есік күні өтті. 
Шараға Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейдің жоғары сынып оқушылары қатысып, кітапхананы пайдалану ережесімен, абонемент, оқу залының жұмыс барысымен, кітап қорымен және оқырмандарға көрсетілетін қызмет түрлерімен танысты. Ой-өрістерін дамытатын танымдық ойындар ойнап, кітапты жүйелі оқуды дағдыға айналдыру адамның көңіл көкжиегін кеңейтіп, сөздік қорын молайтатын және де шығармашылыққа, сауаттылыққа тәрбиелейтін сарқылмас қазына кітап жайлы ойларымен бөлісті. 
Сонымен қатар шара барысында оқырмандар қойнауы сырға толы Қызылорда қаласының өткені мен бүгінінен сыр шертетін «Туы биік, тұғыры мықты – Сыр елі» атты кітап көрмесімен арнайы танысып, өндірісі өркендеген, өткен ғасыр басында ұлт зиялылары қызмет еткен рухани орда жайлы мазмұнды мәліметтер, тың деректер алды.
10 қыркүйек 2026 ж. 6

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам