«Тіл – халықтың рухани мұрасы»

 №2 балалар кітапханасында жас ұрпақтың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, қазақ тілінің қадір-қасиетін дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Тіл – халықтың рухани мұрасы» атты брейн-ринг интеллектуалдық ойыны өтті.
 Танымдық сайысқа Абылайхан атындағы №140 орта мектептің Көзжан Ақмарал жетекшілік ететін 5 «Г» сынып оқушылары қатысты. Жас зияткерлер «Жалын» және «Қыран» топтарына бөлініп, қазақ тілінің тарихы, салт-дәстүр, мақал-мәтелдер мен тіл мәдениетіне қатысты сұрақтар бойынша білімдерін сынады.
 Бірнеше кезеңнен тұратын тартысты ойында қатысушылар тапқырлық пен шапшаңдық, логикалық ойлау мен зеректік қабілеттерін көрсетті. Білім додасының қорытындысында «Қыран» тобы жеңімпаз атанды.
10 қыркүйек 2026 ж. 8

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам