«Оқырмандар альянсы»
«Оқырмандар альянсы» – жаңа жоба, жаңа бастама!
«KitapTime – 2026» V республикалық кітап фестивалі аясында «Оқырмандар альянсы» жобасының алғашқы таныстырылымы өтті.
Жобаны кітапханашы Мақпал Асанханқызы кеш қонақтары мен кітапхана оқырмандарына таныстырып, оның мақсаты мен алдағы жоспарлары туралы айтып өтті.
Кеш барысында кітапхана оқырмандары арнайы QR-код арқылы «Оқырмандар альянсына» тіркеліп, жаңа жобаға өз қолдауларын білдіріп, сәттілік тіледі.
Сонымен қатар «Оқырмандар альянсы» жобасының эмблемасы мен QR-коды бейнеленген ақпараттық парақшалар барлық қатысушыларға таратылып, кеңінен насихатталды.
«Оқырмандар альянсы» – кітап оқитын, ой бөлісетін, әдеби орта қалыптастыратын оқырмандардың жаңа қауымдастығы!
Жаңа жобаға сәттілік тілейміз!
Кітап оқитын ұлт – кітапсүйер оқырмандардан басталады!







