«BOOK QUIZ – Жылдам сұрақтар»
Мемлекет басшысының «Кітап оқитын ұлт» идеясын қолдау мақсатында, «KitapTime - 2026» V республикалық фестивалі аясында, «Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ-не қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхананың ауласында «BOOK QUIZ – Жылдам сұрақтар» атты қызықты интеллектуалдық ойын кітапхана оқырмандары арасында ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, әдеби шығармалар туралы білімдерін кеңейту, ойлау қабілеті мен жылдам жауап беру дағдыларын дамыту.
Шара барысында қатысушыларға қазақ және әлем әдебиеті, белгілі жазушылар мен ақындар, шығармалар мен кейіпкерлер, мақал-мәтелдер және кітапқа қатысты түрлі танымдық сұрақтар қойылды.
Ойын бірнеше кезеңнен тұрды. Қатысушылар берілген сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап беріп, өздерінің әдеби білімдерін ортаға салды. Сонымен қатар шығармалардан үзінділер оқылып, олардың авторын немесе атауын табу, мақалдың жалғасын айту сияқты қызықты тапсырмалар орындалды.
Шараға №233 мектептің 7 сынып оқушылары белсенділік танытып, өзара білімдерін сынасты. Ойын оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, әдеби шығармаларды тереңірек білуге мүмкіндік берді.







