«МЕН ҰСЫНАТЫН КІТАП»
«МЕН ҰСЫНАТЫН КІТАП»
2026 жылғы 11 қыркүйекте «KitapTime – 2026» V республикалық фестивалі аясында №8 және №9 кітапханалардың ұйымдастыруымен «МЕН ҰСЫНАТЫН КІТАП» атты ашық микрофон өткізілді. Шараның мақсаты – кітап оқуды насихаттау, жас оқырмандардың әдебиетке қызығушылығын арттыру және өздері оқыған шығармаларымен бөлісуге мүмкіндік жасау.
Ашық микрофонда әр қатысушыға 1 минут беріліп, олар «Мен бұл кітапты оқуға ұсынамын, себебі...» тақырыбында сүйікті шығармаларын таныстырды.
№218 мектептің 6-сынып оқушылары Мамыр Жалғас – Марк Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендері», Бекбенбетов Иманғали – Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», Амангелді Ұлжан – Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» кітаптарын ұсынды.
№268 мектеп-лицейінің 5,7 сынып оқушылары Абдижан Асылжан – Сайын Мұратбековтің «Жабайы алма», Абдижан Раяна – Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» шығармаларын, ал Ерланқызы Ясина Оралхан Бөкейдің әңгімелерін оқуға кеңес берді.
Шара жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, оқыған шығармалары туралы еркін пікір бөлісетін тағылымды әдеби алаңға айналды.







