» » «Кітабыңды әкел – басқа кітапты алып кет!»

«Кітабыңды әкел – басқа кітапты алып кет!»

«KitapTime - 2026» фестивалі аясында кітапқа деген қызығушылықты арттырып, оқырмандар арасында кітап алмасу мәдениетін дамыту, оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау» мақсатында «Кітабыңды әкел – басқа кітапты алып кет!» атты «BOOKCROSSING» ұйымдастырды. Шара барысында арнайы кітап айырбастау үстелі қойылып, кітапхана қызметкерлері «BOOKCROSSING» қозғалысының шығу тарихы жайлы жан-жақты мәлімет берді. 
Шын мәнінде «BOOKCROSSING» бұл жай ғана кітап алмасу емес. Бұл – рухани байлықпен бөлісу мәдениеті. Бір адамның оқып шыққан кітабы екінші бір адамның дүниетанымын кеңейтіп, өміріне жаңа серпін беруі әбден мүмкін. Сондықтан «BOOKCROSSING» – адамдарды кітап арқылы жақындастыратын, білім мен ізгілікті дәріптейтін ерекше қоғамдық қозғалыс. 
  Игі бастамаға белсене қатысып, зор қызығушылық танытқан кітап сүйер қала тұрғындары өздерінің оқыған кітаптарын өзге қалаған кітаптарына айырбастап алып, алғаусыз алғыстарын айтты.
11 қыркүйек 2026 ж. 30

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам