«PHOTOBOOK»
«KITAPTIME – 2026» жалпы республикалық кітап фестивалі аясында «PHOTOBOOK» шарасы өткізілді.
Шара барысында «PHOTOBOOK» бұрышы ұйымдастырылып, оқырмандардың сүйікті кітаптарымен бірге түскен суреттерін, кітапхана өміріндегі қызықты сәттерін фотосуреттер арқылы тамашалап, фотолар фотобукке енгізілді.
Мақсаты: оқырмандарды кітап оқуға қызықтыру, кітапханаға деген сүйіспеншілігін арттыру, кітап пен оқырман арасындағы байланысты фотосуреттер арқылы көрсету.
№12 және №16 кітапханалар ұйымдастырған «PHOTOBOOK» фотозонасы фестивальдің ең көрнекі әрі есте қаларлық алаңдарының бірі болды.







