«Балалар кітап әлемі»

«KitapTime – 2026» республикалық кітап фестивалі аясында балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, көркем әдебиет әлеміне қызығушылығын оятуға бағытталған «Балалар кітап әлемі» атты танымдық-ойын ұйымдастырылды.
Ашық аспан астында өткен мерекелік шара барысында балалар үшін кітаптың ғажайып әлемін көңілді әрі тартымды түрде танытатын түрлі жұмбақтар, қызықты сұрақтар мен танымдық тапсырмалар ұсынылды. Әр сұрақ баланың ойлау қабілетін шыңдап, зеректігі мен тапқырлығын танытуға мүмкіндік берді.
Кішкентай қатысушылар белсенділік танытып, қойылған жұмбақтардың жауабын қызығушылықпен іздеп, өз білімдерін ортаға салды. Дұрыс жауап берген балаларға шағын сыйлықтардың табысталды. Сыйлыққа ие болған балғындардың қуанышы мерекелік ортаның ажарын аша түсті. 


11 қыркүйек 2026 ж. 38

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам