«Отбасым – менің байлығым»

 №6 кітапханада Отбасы күніне орай отбасы құндылықтарын дәріптеп, ата-анаға деген құрмет пен сыйластықты насихаттау мақсатында «Отбасым – менің байлығым» атты өнеге сағаты болып өтті. Шараға кітапхана оқырмандары қатысып, отбасы – адам өміріндегі ең қымбат қазына, мейірім мен махаббаттың, татулық пен тәрбиенің алтын бесігі екені жайында мазмұнды ойлар ортаға салынды.
 Шара барысында Қуаныш Мырқын отбасы қонақ болып, өз шаңырағындағы өнегелі дәстүрлер мен отбасылық құндылықтар жөнінде әңгімеледі. Отбасы мүшесі Мөлдір ана отбасының адам өміріндегі маңызына тоқталып, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету туралы жүрекжарды ойларымен бөлісті. Ол отбасы әр адам үшін өмірдің берік тірегі әрі баға жетпес байлығы екенін атап өтті.
 Кездесудің ерекше әсерлі сәттерінің бірі – отбасы балаларының домбырамен күй орындауы болды. Ұлттық өнерді бойына сіңіріп, күй құдіретін дәріптеген жас өнерпаздардың орындауындағы әсем күйлер шараның мазмұнын байытып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қатысушылар да өз ойларын ортаға салып, отбасының адам өміріндегі орны мен отбасылық құндылықтардың маңызы туралы пікір алмасты. 
14 қыркүйек 2026 ж. 38

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам