«Қазақ білімінің шамшырағы»
№17 кітапханада ұлы ағартушы, ұстаз, жазушы, этнограф Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Қазақ білімінің шамшырағы» атты танымдық квест ойыны өтті.
Шараға «Білім - Кидс» білім орталығының оқушылары мен кітапхана оқырмандары қатысып, ұлы ұстаздың өмірі мен шығармашылығына қатысты қызықты тапсырмаларды орындап, білімдері мен шапшаңдықтарын сынады.
Шара барысында қатысушылар «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар», «Әке мен бала», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Мейірімді бала» сияқты тағылымды шығармалардың мазмұнын еске түсіріп, кейіпкерлері мен негізгі ойларын талдады.
Сонымен қатар «Қазақ білімінің шамшырағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, Ыбырайдың ағартушылық мұрасы, білім мен өнерге үндейтін шығармалары кеңінен насихатталды.
«Кел, балалар, оқылық!» – деп ұрпағын білімге бастаған Ыбырай мұрасы бүгінгі жас буын үшін де өз мәнін жойған жоқ.
Квест ойыны жас оқырмандарға кітаптың қадірін, білімнің құндылығын жаңа әрі қызықты форматта танытқан тағылымды шара болды.







