«Қазақ даласының батыры»
№18 кітапханада қазақтың даңқты палуаны, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 155 жыл толуына орай «Қазақ даласының батыры» атты танымдық сағат болып өтті. Шараға «Күрес-2020» спорт клубының жаттығушы оқушылары, еркін күрес әдіскер-жаттықтырушысы Әжібаев Кәрімжан Сағатұлы және дзюдо жаттықтырушысы Жолдыбай Нұрымжан Ғалымжанұлы қатысты.
Шара барысында жас спортшыларға Қажымұқанның өмір жолы, спорттағы теңдессіз жетістіктері мен ел намысын қорғаған ерлік жолы туралы тағылымды мәліметтер берілді. Ұлы палуанның қайсарлығы мен төзімділігі жас ұрпаққа үлгі ретінде насихатталды.







