«Әке мен бала»

№12 кітапханада қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі А.Тоқмағамбетовтің «Әке мен бала» романының жарық көргеніне 65 жыл толуына орай әдеби-танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Шараға Қызылорда қаласындағы «Сейхун» колледжінің 1-курс студенттері қатысты.
Шараның мақсаты – жастарға А.Тоқмағамбетовтің шығармашылық мұрасын кеңінен таныстыру, жазушының қазақ әдебиетіне қосқан өлшеусіз үлесін насихаттау, «Әке мен бала» романының мазмұны мен тәрбиелік мәнін ашу арқылы студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Шара барысында қаламгердің өмірі мен шығармашылық жолына шолу жасалып, оның қазақ әдебиетіндегі өзіндік орны мен көркемдік мұрасы туралы кеңінен мағлұмат берілді. Әсіресе «Әке мен бала» романының мазмұны, идеялық өзегі мен тәрбиелік тағылымы жан-жақты талқыланды.
Шығармадағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынас, ата-анаға деген құрмет, үлкенді сыйлау, отбасылық құндылықтар мен адамгершілік қасиеттер кеңінен сөз болды. Студенттер шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекеттеріне өз көзқарастарын білдіріп, пікір алмасты, қойылған сұрақтарға жауап беріп, туындының тәрбиелік мәні жөнінде ой бөлісті.
16 қыркүйек 2026 ж. 32

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам