«Имандылық – рух тазалығы»
№16 кітапханада рухани құндылықтарды дәріптеу, жастарды ізгілік пен адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында «Имандылық – рух тазалығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Шара барысында оқырмандарға имандылықтың мәні мен адам өміріндегі маңызы кеңінен түсіндірілді. Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі мен рухани дүниесінің өзегінде адамды ардақтау, үлкенді сыйлау, ата-ананы құрметтеу, мейірімділік таныту, әділдік пен сабырды серік ету секілді ізгі қасиеттер жатқандығы айтылды.
Оқырмандар назарына А.Әділбаевтың «Кемелдік кілті», А.Әбдірәсілқызының «Дін. Дәуір. Дәстүр», Е.Оңғаровтың «Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары», Қ.Бағашардың «Ислам және өнеге» және тағы басқа рухани-танымдық еңбектер ұсынылып, мазмұнымен таныстырылды.







