«Тағдыр кітабы – ұлт шежіресі»
№5 кітапханада қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгері Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романына арналған «Тағдыр кітабы – ұлт шежіресі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде жазушының өмірі мен шығармашылығы, тарихи тақырыптағы туындылары және «Тағдыр» романы ұсынылып оқырмандарға таныстырылды. Романда қазақ халқының қилы тағдыры, ел мен жер мәселесі, шекара сыртында қалған қандастардың өмірі кеңінен суреттеледі.
Кітап көрмесінің мақсаты – оқырмандарды Қабдеш Жұмаділовтің шығармаларымен таныстырып, ұлттық тарихты, ел тағдырын құрметтеуге тәрбиелеу.







