«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жолын кесу»
№3 кітапхана М.Ералиева атындағы мәдениет үйімен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жолын кесу» атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі қағидаттарын түсіндіру, заң үстемдігін насихаттау.
Шараға қатысушы Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғарғы колледж студенттеріне, Қызылорда ҚПБ ҚҚБ ЮПБ полиция капитаны Азамат Серикболұлы және полиция аға лейтенанты Қайрат Асхат жастармен ашық пікір алмасып, заң талаптарын сақтау және оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Адамдық – адалдықтың белгісі» атты кітап көрмесі таныстырылды.
Кездесу соңында заңды құрметтеу қоғамдық тәртіпті сақтау және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуін сезіну әрбір адамның басты міндеті екені аталып өтілді.







