«Дәулетті және табысты адамдардың құпиясы»
№9 кітапханада «Дәулетті және табысты адамдардың құпиясы» атты жас кәсіпкерлермен кездесу кеші болып өтті.
Шараның мақсаты – жастардың кәсіпкерлікке деген қызығушылығын арттыру, еңбекқорлық пен табандылыққа баулу, ізденіске жетелеу және өз кәсібін бастауға ынталандыру.
Шара барысында кештің арнайы қонағы – азық-түлік дүкенінің иесі, жеке кәсіпкер Сұлтанбек Самат жастармен өз еңбек жолы мен кәсіп бастау тәжірибесі жайында ой бөлісіп, кәсібін қалыптастыру барысында кездескен қиындықтар мен жауапкершілік жүгі туралы әңгімеледі. Кәсіпкер өз тәжірибесінен мысалдар келтіріп, жас ұрпаққа өз мүмкіндігіне сеніп, үздіксіз ізденудің маңызын атап өтті.
Тағылымды кездесуге №218 мектептің оқушылары мен ата-аналары белсене қатысып, кәсіпкерге көкейлеріндегі сауалдарын қойды. Еркін сұхбат форматында өткен кеш жастарға кәсіп иесінің өмірлік тәжірибесімен танысып, еңбектің нәтижеге жеткізер күш екенін сезінуге мүмкіндік берді.







