«Құқық – қоғамның тірегі»
23 қыркүйек күні №12 кітапханада Сейхун колледжінің 1-курс студенттерінің қатысуымен «Құқық – қоғамның тірегі» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды.
Құқықтық сауаттылық – саналы азамат қалыптастырудың маңызды негіздерінің бірі. Осы мақсатта өткен шара жастардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын білу деңгейін арттырып, өз құқықтары мен міндеттерін тереңірек түсінуіне мүмкіндік берді. Сонымен қатар студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңды құрметтеуге тәрбиелеу, ойлау қабілеті мен шапшаңдығын, тапқырлығы мен топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытуға бағытталды.
Шара барысында студенттер екі топқа бөлініп, құқықтық тақырыптағы түрлі сұрақтар мен тапсырмаларға белсене қатысты. Әр кезеңде білімдерін саралап, өзара пікір алмасып, жылдам шешім қабылдап, тапқырлық таныта білді. Топтық тапсырмалар барысында жастар бір-бірін қолдап, ұйымшылдық пен белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті. Жастардың құқықтық білімін арттырып, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған тағылымды шара қызықты әрі мазмұнды өтті.







