«Ұлы даланың ұлы ханы – Абылай хан»
21 қыркүйек күні Қызылөзек ауылдық клуб үйі мен №10 кітапхана бірлесіп, қазақ тарихындағы көрнекті мемлекет қайраткері Абылай ханға арналған «Ұлы даланың ұлы ханы – Абылай хан» атты танымдық кеш өткізді.
Шара барысында Абылай ханның өмірі мен тарихи қызметіне арналған бейнеролик көрсетіліп, оның қазақ елінің бірлігін нығайтудағы, сыртқы саяси байланыстарды дамытудағы және ел тәуелсіздігін қорғаудағы рөлі туралы мағлұмат берілді.
Кеш аясында Абылай ханның өмірі мен дәуіріне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, тарихи-танымдық әдебиеттерге шолу жасалды.
№128 негізгі мектептің тарих пәні мұғалімдері А.Бақытжанова мен М.Талқанбаева Абылай ханның қазақ тарихындағы орны мен ел тағдырындағы қызметі туралы мазмұнды әңгіме өрбітті.







