«Тағдыр – ұлт тағдыры»

 №3 кітапхана «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Тағдыр – ұлт тағдыры» атты әдеби-танымдық кеш өтті. Аталған шараға Ә.Молдағұлова атындағы №173 мектептің 6 сынып оқушылары қатысты.
 Шараның мақсаты – Қазақстанның халық жазушысы Қ.Жұмаділовтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқырмандарды жазушының тарихи тақырыптағы туындыларымен таныстыру, ұлттық сана, елдік пен жер тағдыры туралы ой қалыптастыру.
Іс-шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы кеңінен мағлұмат беріліп, оның қазақ әдебиетіндегі орны мен тарихи тақырыптарды көркем бейнелеудегі шеберлігі сөз болды. Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр», «Соңғы көш», «Дарабоз» сияқты көрнекті шығармаларына шолу жасалып, туындыларындағы ел тағдыры, жер тағдыры, ұлттық болмыс, тарихи жады, ата-баба аманаты секілді маңызды тақырыптар талқыланды.
 Шара соңында қатысушылар жазушы шығармаларының ұлттық тарих пен рухани құндылықтарды танытудағы маңызы туралы өз ойларымен бөлісті.
24 қыркүйек 2026 ж. 25

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам