Нұр – Сұлтан – елімнің жүрегі
№20 кітапханада оқырмандарға ерке Есіл жағасындағы Елордамыз жайлы мәліметтер беру, күннен күнге көркейіп, сәні мен салтанаты жарасып келе жатқан қаланың әсем жерлерін таныстыру, таным көкжиектерін кеңейту, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру мақсатында 6 шілде – Елорда күніне арналған «Нұр – Сұлтан – елімнің жүрегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне еліміздің жаңғыруының символына айналған еңселі Елордамыз жайлы әдебиеттер мен мерзімді басылымдар қойылып, оқырмандарға насихатталды.







