«Тәні саудың – жаны сау»

 №1 кітапхана жасөспірімдердің салауатты өмір салты жайлы білімдерін жетілдіру, бірінші байлық мықты денсаулық екенін ұғындыру, зиянды жат әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу мақсатында «Тәні саудың – жаны сау» атты денсаулық сағаты болып өтті. Аталған шараға №4 қалалық емхананың салауатты өмір салтын қалыптастыру маманы Махмутова Жәмиля Әнуарбекқызы және Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейдің 8 «ж» сынып оқушылары, сынып жетекшісі Құдабаева Баян қатысты.                                                Шара барысында кеш қонағы, дәрігер Ж.Әнуарбекқызы оқырмандарға денсаулық адамзаттың ең құнды байлығы екендігін айтып, денсаулықтың негізі қимыл, аурудың алдын алу үшін күнделікті жаттығу жасау, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, тазалық сақтау, таза ауада көп жүрудің маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар жаман әдеттерден сақтанып, зиянды заттарға үйір болмауға кеңес берді. Сергіту сәтінде бейнебаян арқылы оқушыларға денені шынықтыру жаттығуларының бірнеше түрін көрсетіп, салауатты өмір салтын сақтау жайлы пайдалы парақшалар таратты.
24 қыркүйек 2026 ж. 34

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам