«Әдебиетке арналған ғұмыр»
№1 кітапханада көрнекті театр сыншысы, әдебиеттанушы Бағыбек Құндақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Әдебиетке арналған ғұмыр» атты ғылыми-танымдық кеш болып өтті. Аталған шараға Ә. Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейдің ұстаздары мен жоғары сынып оқушылары қатысты.
Шараның мақсаты - Бағыбек Құндақбайұлының қазақ театр өнері мен тарихын зерттеудегі еңбектерін таныстыру, оқырмандарға ұлттық мәдени мұраның маңызын түсіндіру, театр өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру.
Шара барысында театртану мамандығы бойынша қазақ топырағында тұңғыш кандидаттық кейін докторлық диссертацияларын қорғаған Бағыбек Құндақбаевтың өнертану ғылымында, соның ішінде театртану саласында тынымсыз еңбек етіп, қазақ театрының тарихы жөнінде іргелі де құнды зерттеулері топтастырылған «Театр туралы толғаныстар» және Бағыбек Құндақбаевтың өмір жолы мен ғылыми еңбектері жайлы жазылған С. Қасқабасовтың «Алтын жылға», 2 томдық «Қазақ театрының тарихы» атты кітаптар таныстырылды. Ұстаз Б. Құдабаева оқырмандарға қызығы мен қиындығы қатар жүретін театр өнерін жан – жақты зерттеген жерлесіміз театр сыншысы Бағыбек Құндақбаев жайлы әсерлі әңгімемен шараны қорытындылады. Қатысқан оқырман – 20.







