» » «Тағдыр – ұлт тағдырының көркем шежіресі»

«Тағдыр – ұлт тағдырының көркем шежіресі»

№4 кітапханада «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті қаламгер Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» тарихи романына арналған «Тағдыр – ұлт тағдырының көркем шежіресі» атты кітап талдауы өткізілді. Т.Рысқұлов атындағы №222 мектептің 10 сынып оқушыларымен және кітапханашысы Байсалова Айгүл апайдың қатысуымен өтті.
 Шараның мақсаты – оқырмандарға Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылық мұрасын таныстыру, «Тағдыр» романының тарихи және көркемдік маңызын ашу, қазақ халқының өткен тарихына қызығушылығын арттыру, елдік пен жер тұтастығы, ұлттық бірлік пен отансүйгіштік құндылықтарын насихаттау.
  Кітап талдауы барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы, романның жазылу тарихы, шығармада бейнеленген тарихи кезең мен оқиғалар кеңінен таныстырылды. 
Романның негізгі кейіпкері Демежанның тұлғасы жан-жақты талданып, оның елге, жерге деген сүйіспеншілігі, әділдікке ұмтылысы мен азаматтық болмысы сөз болды.
  Шара барысында қатысушыларға романның негізгі тақырыбы мен идеясы түсіндіріліп, «Жер тағдыры – ел тағдыры» тақырыбында пікір алмасу жүргізілді.
  Оқырмандар шығарма бойынша өз ойларын ортаға салып, кейіпкерлерге мінездеме беріп, романның бүгінгі ұрпақ үшін тәрбиелік мәнін талқылады.
«Тағдыр» романы – қазақ халқының тарихи тағдырын, туған жерге деген сүйіспеншілігін және ұлттық рухын танытатын құнды шығарма.
 Кітап талдауы оқырмандардың тарихи-танымдық білімін арттырып, көркем әдебиетке деген қызығушылығын оятуға ықпал етті.
24 қыркүйек 2026 ж. 33

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам