«Тәуелсіз елдің цифрлы қазынасы»

 №6 кітапхана Қ.Қаракөзов атындағы №235  мектеп – гимназиясының 10 сынып оқушылары арасында жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, «Тәуелсіз елдің цифрлы қазынасы» атты электронды кітаппен оқу сағаты өткізді.
 Шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, цифрлық ресурстарды тиімді пайдалануға үйрету және заманауи технологиялардың білім алудағы мүмкіндіктерін таныстыру.
 Шара барысында оқушыларға электронды кітап таныстырылып, арнайы QR-код арқылы кітапты қалай оқу керектігі көрсетілді. Сонымен қатар электронды кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар цифрлық форматтағы әдебиеттермен танысты. Оқушылар заманауи технология мен кітап оқудың өзара үйлесімділігін көріп, электронды ресурстарды өз беттерінше пайдаланудың тиімді жолдарын меңгерді.
 Осындай танымдық шаралар оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттырып қана қоймай, кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастыруға және білімді жаңа технологиялар арқылы толықтыруға мүмкіндік береді. 
24 қыркүйек 2026 ж. 34

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам