«Адал еңбек – табыстың кілті»

 №1 кітапханада Еңбек күніне орай өскелең ұрпаққа еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіре отырып, ерінбей адал еңбек етуге, еңбек адамының мәртебесін көтеріп, құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу мақсатында «Адал еңбек – табыстың кілті» атты іс-шара болып өтті. 
 Шараға қоғамның сан түрлі саласында еңбек етіп, сол бағытты дамуына үлес қосып, бақытын еңбектен тапқан дәрігер, ұстаз, кітапханашы, аспазшы және тағы да басқа мамандық иелері қатысып,  бұл күндері жасап жатқан еңбектерінің жемісін көріп, халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп келе жатқан мамандықтары жайлы әңгімелеп берді. Сонымен қатар жас оқырмандардың болашақ таңдайтын мамандықтары жайлы көкейлерінде жүрген сұрақтарына тұщымды жауаптарын беріп, мамандық таңдауда қателеспей, өз ісінің мықты маманы болып, еңбек шыңын бағындыру үшін кітапты көп оқып, үлгілі, тәртіпті оқушы болыңдар деген ақыл-кеңестерін айтты. 
28 қыркүйек 2026 ж. 30

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам