«Балалар әдебиетінің бәйтерегі»
№13 балалар кітапханасында қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын Қастек Баянбаевтың 90 жылдығына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби оқу ұйымдастырылды.
Әдеби шараға Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейдің 6 «А» сынып оқушылары мен биология пәнінің мұғалімі Малика Каритонқызы қатысты.
Шараның мақсаты – балалар әдебиетін насихаттау, Қастек Баянбаевтың шығармашылық мұрасын жас оқырмандарға кеңінен таныстыру, көркем сөзге деген қызығушылықтарын арттырып, туған тілге деген сүйіспеншілігін тереңдету.
Шара барысында поэзия мен лирика жанрының сыр-сипаты туралы ой қозғалып, лириканың адам жанының нәзік иірімдерін, көңіл күйі мен ішкі толғанысын көркем жеткізетін ерекше өнер екені айтылды. Оқушылар ақынның сырлы да ойлы өлеңдерін мәнерлеп оқып, шығармаларының мазмұны мен көркемдік ерекшелігіне талдау жасады.
Қастек Баянбаевтың адамгершілік, сөз мәдениеті, өмірлік құндылықтар, ұлттық мінез бен қазақы қонақжайлықты арқау еткен тағылымды туындылары оқырмандардың ой-пікіріне өзек болып, әдеби талқылау барысында мазмұнды пікірлер айтылды.







