«Бір ел – бір кітап»

 №17 кітапханада «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романына арналған оқырмандар конференциясы өтті.
Тағылымды басқосуға С.Әлжіков атындағы №144 мектеп-лицейінің мұғалімдері мен Қызылжарма мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты.
 Кездесуде тарихи шығарманың қазақ әдебиетіндегі орны, жазушының шығармашылық мұрасы және «Тағдыр» романы арқылы ел мен жер тағдырының көркем бейнеленуі сөз болды. Кітап көрмесі арқылы қатысушылар қаламгердің өмірі мен шығармашылығына, повестері мен әңгімелеріне, сыр-сұхбаттары мен ой-толғамдарына қанығып, романның жазылу тарихы мен көркемдік ерекшелігіне назар аударды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әділбекқызы Сымбат романның басты кейіпкері, тарихи тұлға Демежанның бейнесіне тоқталып, оның ел қамын ойлаған азаматтық болмысын, әділдікке ұмтылысын және туған жер алдындағы жауапкершілігін талдап өтті.
Оқырмандар «Шекара қазақ тағдырына қалай әсер етті?», «Демежан бейнесінен қандай қасиеттерді көреміз?», «Романның бүгінгі ұрпақ үшін тағылымы неде?» деген сауалдар төңірегінде ой бөлісіп, шығармадағы елдік пен ерлік, туған жерге сүйіспеншілік, адамгершілік пен әділдік мәселелерін талқылады.
Кітапхананың тұрақты оқырманы Берік Жұмашев тарихи шығарманы оқу – өткенді танумен қатар, бүгінгі бейбіт күннің қадірін түсінудің маңызды жолы екенін атап өтіп, жастарды ұлттық әдебиеттің асыл мұраларын оқуға шақырды.
29 қыркүйек 2026 ж. 36

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам