«Қазақ жырының қыраны»
№11 кітапханада №215 мектептің 6 сынып оқушыларының қатысуымен қазақтың көрнекті ақыны, аудармашы, журналист Қасым Аманжоловтың 115 жылдығына орай «Қазақ жырының қыраны» атты әдеби оқу болып өтті.
Шара барысында дауылпаз ақынның өмірі мен шығармашылық жолы кеңінен таныстырылып, сыршыл да жалынды өлеңдері мәнерлеп оқылды. Қасым жырларындағы елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілік, азаматтық рух пен өр мінез оқырмандарға ерекше әсер сыйлады. Оқушылар ақын мұрасымен танысып, өлеңдерінің мазмұны мен тәрбиелік мәніне тоқталып, өз ойларын ортаға салды. Қасым Аманжоловтың қайсар рухы мен туған елге деген шынайы махаббаты әр жырынан сезіліп, жас оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыра түсті.







