«Қарттар күні – жүректерді жылытатын мереке»
№6 кітапхана 1 қазан – Қарттар күніне орай «Қарттар күні – жүректерді жылытатын мереке» атты қайырымдылық акция ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – қарттарға құрмет көрсету, олардың көңіліне қуаныш сыйлау, ізгілік пен мейірімділікті насихаттау.
Іс-шара барысында қарттар үйінің тәрбиеленуші қарттары Сұлтанов Болат пен Сақтапберген Тайға арнайы барып, кітаптар мен тәттілер сыйға тартылды. Қарияларға жылы лебіздер айтылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды.
Қарттарымыз – өмірдің мол тәжірибесін бойына жинаған, кейінгі ұрпаққа өнеге болар асыл жандар. Оларға құрмет көрсету – әрқайсымыздың адамгершілік парызымыз.
Осындай игі бастамалар арқылы қарттарға деген қамқорлық пен сыйластықты арттырып, мейірімділік пен ізгілікті дәріптеу – басты мақсатымыз.
Қарияларымыздың ғұмыры ұзақ, дендері сау, көңілдері әрдайым шат болсын!







