«Білімге жол ашатын мереке»
№17 кітапхана «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында С.Әлжіков атындағы №144 мектеп-лицейінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Білімге жол ашатын мереке» атты оқу сағаты өтті.
Шараның мақсаты – жас оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, білімнің адам өміріндегі маңызын ұғындыру және оқу мәдениетін қалыптастыру.
Шара барысында кітап пен білімнің адам өміріндегі орны, кітап оқудың рухани әрі зияткерлік дамуға ықпалы туралы мазмұнды әңгіме өрбіді. Оқушыларға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық әдебиетті дәріптеу мақсатында оқуға ұсынған кітаптары мен тұлғалық дамуға бағытталған әдебиеттер таныстырылып, олардың мазмұнына қысқаша шолу жасалды.
Жас оқырмандар өздері сүйіп оқыған шығармалары туралы ой бөлісіп, кітаптан алған әсерлерімен бөлісті. Әр оқушының кітапқа деген қызығушылығы мен ізденісі – рухани әлемнің кеңеюіне бастар маңызды қадам.







