«Мен Абайды қалай түсінемін?»

 №15 кітапхана №178 орта мектептің 10 сынып оқушылары арасында  «Мен Абайды қалай түсінемін?» атты эссе байқауы өткізілді. 
Шараның мақсаты – қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, ағартушысы Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын насихаттау, ақынның өлеңдері мен қара сөздеріндегі терең ойларды түсінуге баулу, оқушыларды өз ойын көркем әрі сауатты жеткізу шеберлігін дамыту.
 Байқауға қатысқан оқушылар Абай мұрасын өз түсініктері бойынша саралап, ақынның білім, ғылым, еңбек, адамгершілік, тәрбие және ел болашағы туралы ойларына өз көзқарастарын білдірді. Абай шығармаларының бүгінгі жас ұрпақ үшін маңызын ашып, ақынның тағылымды сөздерін өмірмен байланыстыра білді.
 Байқау қорытындысы бойынша жақсы нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болған оқушыларға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар табысталды. 
06 қазан 2026 ж. 16

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам