«Жаныма жақын бір кітап»

№ 9 кітапханада «ТалқыLaik» жобасы аясында «Жаныма жақын бір кітап» атты кітап талдауы болып өтті.
  Іс-шараның мақсаты – оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті насихаттау, оқылған шығарманы талдап, өз пікірін еркін жеткізуге дағдыландыру.
  Шара барысында жазушы Қанат Әбілқайырдың «Жылан кегі» атты кітабы таныстырылып, шығарманың мазмұны мен негізгі идеясы кеңінен сөз болды. Қатысушылар шығармадағы оқиғаларға, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне тоқталып, кітаптан алған әсерлерімен бөлісті. Сонымен қатар, шығарманың тәрбиелік мәні мен оқырманға берер тағылымы талқыланды.
  Кітапхана оқырмандары өз ойларын ортаға салып, кітаптың қызықты тұстарын атап өтті. Шара соңында қатысушылар кітап оқудың адам руханияты мен дүниетанымын кеңейтудегі маңызы жөнінде пікір алмасты.
06 қазан 2026 ж. 21

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам