«Ғасырды арқалаған жырлы Жамбыл»

 №17 кітапхана С.Әлжіков атындағы №144 мектеп-лицейінің 7 «А» сынып оқушыларының қатысуымен қазақтың ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай «Ғасырды арқалаған жырлы Жамбыл» атты поэзия кеші өтті. 
 Шараның мақсаты – Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, жас ұрпаққа ақынның өмір жолын таныстыру, ұлттық поэзияға деген қызығушылығын арттыру және жыр өнерінің қадір-қасиетін дәріптеу. 
 Шара барысында ғасырға жуық ғұмырын арнаған ақындық жолы, суырып салма өнері, халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған азаматтық тұлғасы туралы мәлімет берілді. Оқырмандар Жамбылдың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесімен танысып, ақынның елге кең тараған жырлары мен өлеңдерінен үзінді оқыды. 
 Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Палымбетова Нұргүл шараға қатысушыларға Жамбыл жырлары халықтың тарихын, елдің мұңын, ердің рухын, туған жерге деген сүйіспеншілікті бойына жинаған асыл қазына екенін, сондай-ақ оның шығармалары уақыт өткен сайын өз құндылығын жоғалтпай, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келетіні жайлы өз ойын білдірді.
 Шара соңында кітапхананың тұрақты оқырманы Нәби Нұрперзент «Ленинградтық  өренім» өлеңін жатқа оқып, ақынның өнегелі өмірі мен тағылымды жырларынан рухани нәр алатынын айтып өтті. 
07 қазан 2026 ж. 32

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам