«Асқар таудай тұлғалы ақын»
№12 кітапханада қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын Асқар Кіребайұлының туғанына 80 жыл толуына орай «Асқар таудай тұлғалы ақын» атты әдеби кеш болып өтті. Аталған шараға оқушылар үйінің балалары қатысты.
Шараның мақсаты – ақынның өмірі шығармашылығы туралы мәлімет беріп, ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу, мәнерлеп оқу дағдыларын жеткізу.
Шара барысында Асқар Кіребайұлының өмірі мен шығармашылық жолы, әдеби мұрасы, өлеңдерінің мазмұны мен тәрбиелік мәні кеңінен талқыланды. Оқырмандар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, шығармалары бойынша ой – пікірлерін ортаға салды.







