«Ұстазым мәңгілік, жадымда жүрер жаңғырып»
5 қазан – Ұстаздар күніне орай №13 кітапханада «Ұстазым мәңгілік, жадымда жүрер жаңғырып» атты әдеби монтаж ұйымдастырылды. Аталған шараға №257 орта мектебінің 7 «В» сынып оқушылары және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Роза Альшоразова қатысты.
Шара барысында оқушылар ұстаз еңбегінің маңыздылығы туралы ой бөлісіп, ұлағатты ұстаздарға жүрекжарды тілектерін арнады. Ұстазды құрметтеу, оның еңбегін бағалау, білім мен тәрбиенің қадірін түсіну жөнінде тағылымды әңгімелер айтылды.
«Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны» атанған ұстаздарға арналған жылы лебіздер айтылып, оқушылар жүрек тебірентер өлеңдерін оқыды.







