«Сырдың сұлу шаһары – Қызылорда»
Қала күні мерекесі аясында №9 кітапхана Жастар орталығының ауласында «Сырдың сұлу шаһары – Қызылорда» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрмеге Қызылорда қаласының тарихы, мәдениеті, әдебиеті, өнері мен көрнекті тұлғалары туралы кітаптар, тарихи-танымдық басылымдар қойылды. Келушілерге көрмедегі әдебиеттер таныстырылып, Қызылорданың тарихы мен рухани-мәдени мұрасы жөнінде ақпараттар берілді.
Іс-шара барысында қала тұрғындары мен жастар кітап көрмесіне қызығушылық танытып, ұсынылған әдебиеттермен танысты.







