» » «Қасым Аманжолов-қазақтың ұлттық ақыны»

«Қасым Аманжолов-қазақтың ұлттық ақыны»

 №2 балалар кітапханасы Қазақтың көрнекті ақыны, майдангер, қарымды қаламгер Қасым Аманжоловтың 115 жылдығына орай Абылайхан атындағы №140 орта мектептің Рысбек Ақнұр жетекшілік еткен 7 «а» сынып оқушыларының қатысуымен «Қасым Аманжолов-қазақтың ұлттық ақыны» атты әдеби кеш өтті. 
 Шара барысында оқырмандарға ақынның өмірі мен шығармашылық жолы туралы кеңінен мағлұмат беріліп, оның қазақ әдебиетіндегі орны мен поэзиясының ерекшелігі таныстырылды. Қасым Аманжоловтың елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін жырлаған шығармаларына тоқталып, өлеңдері мәнерлеп оқылды.
 Шараның мақсаты – жас оқырмандарға Қасым Аманжоловтың бай мұрасын таныстыру, поэзияға деген қызығушылығын арттыру, елін, жерін сүюге және рухани құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу. 
08 қазан 2026 ж. 18

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам