«Шахмат – ақыл мен логиканың мектебі»
№ 4 кітапханада «Шахмат» клубының мүшелерінің қатысуымен «Шахмат – ақыл мен логиканың мектебі» атты спорт сағаты өтті.
Мақсаты - зияткерлік қабілетін дамыту, шахмат ойынына қызығушылығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Шара барысында шахмат ойынының тарихы, оның адам ойлау қабілетін, есте сақтау, зейін қою және логикалық ойлау дағдыларын дамытудағы маңызы туралы ақпарат беріліп, «Фигураны таны», «Кім жылдам?», «Шахматтық эстафета», «Логикалық шахмат», «Шахматтық жұмбақтар» атты қызықты ойындар мен танымдық тапсырмалар ұйымдастырылды. Қатысушылар шахмат фигураларының жүрісін көрсетіп, логикалық сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен шапшаңдықтарын шаршы тақта бетінде сынады.







