«Даланың дана ханы – Абылай»

 №5 кітапханада қазақ халқының ұлы ханы, көрнекті мемлекет қайраткері Абылай ханның туғанына 315 жыл толуына орай «Даланың дана ханы – Абылай» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Тарихи тұлғаның өмір жолын, ел басқарудағы көрегендігін және қазақ мемлекеттілігін нығайтудағы еңбегін жас ұрпаққа кеңінен таныстыруды мақсат еткен шараға №138 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мадина Шамаева мен 4 «Б» сынып оқушылары қатысты.
 Көрме төрінен Абылай ханның өмірі мен қайраткерлігіне арналған тарихи кітаптар, зерттеу еңбектері мен көркем шығармалар орын алды. Кітапханашы оқушыларға ханның ел бірлігін сақтаудағы, қазақ жерінің тұтастығын қорғаудағы және ұлттың азаттығы жолындағы тарихи рөлі туралы мағлұмат берді.
Тарих тағылымына үңілген оқушылар ұлы ханның өмір жолымен танысып, халқымыздың өткеніне қатысты танымдарын кеңейтті. Көрме жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырып, ел тарихына деген құрметін арттыруға бағытталды. 
08 қазан 2026 ж. 23

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам