«Қазақ әдебиетінің қазынагері»

 №17 кітапханада қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романының жарық көргеніне 45 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің қазынагері» атты библиоподкаст болып өтті.
 Шараның мақсаты – қаламгердің қазақ әдебиетіне қосқан үлесін насихаттау, тарихи шығармалары арқылы оқырмандардың ұлттық тарихқа деген қызығушылығын арттыру.
 Шара барысында кітап көрмесі таныстырылып, жазушының өмірі мен шығармашылығы, қазақ прозасындағы өзіндік қолтаңбасы сөз болды. Кітапхана оқырманы Қуаныш Ахметқызы «Үркер» романының тарихи-танымдық маңызына тоқталып, шығармадағы ел тағдыры, жер тұтастығы, халық бірлігі мен тарихи тұлғалардың бейнесі туралы ой бөлісті.
 «Шабыт» көркем сөз оқу үйірмесінің жетекшісі Гүлмира Тұрсынбайқызы романның мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерін таныстырып, туындының ұлт тарихын танытатын тағылымды шығарма екенін атап өтті. Шара соңында кітапханашы Қарлығаш Махамбетжанқызы оқырмандарды қазақ әдебиетінің жауһарларын оқуға, тарихи мұраны қадірлеп, ұлттық руханиятты құрметтеуге шақырды. 
09 қазан 2026 ж. 24

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам