«Махаббат, қызық мол жылдар»

 №1 кітапханада «100 кітап» жобасы аясында қазақтың көрнекті жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романын тереңірек таныстыру, шығармадағы махаббат, адалдық, адамгершілік құндылықтарды насихаттау, жастарды кітап оқуға баулу, өз ойын еркін жеткізуге тәрбиелеу мақсатында оқырмандар конференциясы өткізілді. 
 Шара барысында алдымен ұлтымыздың болмысын айшықтайтын, қалың оқырманның әдеби талғамын қалыптастыратын, келер ұрпаққа рухани бағыт-бағдар болатын маңызды қадам «100 кітап» жобасы жайлы мәлімет беріліп, тізімге енген жазушы Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романы бойынша талдау сұрақтары таныстырылды. Оқырмандар кезінде қалың оқырманның сүйікті шығармасына айналып, жылдар өткен сайын жаңарып әр буынның жүрегіне жол тапқан, қазіргі жастардың да жанын тербеген, жалпы адам баласына тән мөлдір сезімді өзек еткен көркем шығармадан алған әсерлерімен ой бөлісіп, пікір алмасты. Сонымен қатар, соғыстан кейінгі өмір мен студенттік шақты шынайы суреттеген шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беріп, қазіргі кезеңмен салыстырып, өзіндік көзқарастарын білдірді. 
09 қазан 2026 ж. 18

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам