» » «Экстремизм – жастарды адастырар жол»

«Экстремизм – жастарды адастырар жол»

 А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Абылай хан» атындағы жоғары колледждің 1 курс студенттерінің қатысуымен «Экстремизм – жастарды адастырар жол» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды.
 Шараның мақсаты – жастарға экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізетін зиянын түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру, интернеттегі күмәнді ақпараттарды ажырата білуге үйрету, бейбітшілікке, бірлікке, адамгершілік пен отансүйгіштікке тәрбиелеу.
 Ақпараттық сағат барысында кітапханашы Күлзия Қуанышқызы экстремизмнің қауіптілігі, интернеттегі қауіпсіздік және теріс ықпалдың алдын алу жолдары туралы ой бөлісті. Колледж оқытушысы Қанибай Нұргүл Бұхарбайқызы жастардың болашағы өз қолында екенін айтып, білімге ұмтылу, саналы таңдау жасау, заңды құрметтеу және адамгершілік қасиеттерді сақтау маңызды екенін атап өтті.
 Шара соңында ел тыныштығы мен қоғам тұрақтылығы – баршаға ортақ құндылық екені айтылып, жастарды өзара құрметке, татулық пен келісімді сақтауға шақырды.
09 қазан 2026 ж. 18

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам