«Басында Үшқараның»

«Басында Үшқараның» повесі бойынша кітап талдау
№6 кітапханада М. Ысқақов атындағы колледж студенттерінің қатысуымен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Сайын Мұратбековтің 90 жылдығына орай «Басында Үшқараның» повесі бойынша кітап талдау шарасы ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – студенттердің қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, жазушының шығармашылық мұрасын насихаттау және көркем шығарманы терең түсініп, талдай білуге баулу.
Іс-шара барысында «Басында Үшқараның» повесіне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Студенттер шығарманың мазмұны мен негізгі идеясын талқылап, кейіпкерлердің бейнесіне тоқталды және өз ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар шығармадағы адамгершілік құндылықтар мен өмірлік тағылымдар туралы пікір алмасты.
Әдеби шара студенттердің кітап оқуға деген ынтасын арттырып, жазушының бай шығармашылық мұрасын танып-білуге мүмкіндік берді. 
13 қазан 2026 ж. 13

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам