«Ыбырай – терең ойлы ағартушы»
Қазақ халқының ұлы ағартушысы, педагог-жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай, Ә. Молдағұлова атындағы №173 мектептің 2-сынып оқушыларының қатысуымен «Ыбырай – терең ойлы ағартушы» атты әдеби шолу өткізілді.
Шараның мақсаты: ұлы ағартушы, ұстаз Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқырмандарға оның ағартушылық қызметін таныстыру, шығармалары арқылы жас ұрпақты білімге, еңбекқорлыққа, адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеу.
Шара барысында сынып жетекшісі Нұрмаханова Нұрзия Жарылқасынқызы жазушының «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңдері мен «Әке мен бала», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Таза бұлақ» әңгімелерінің тәрбиелік мәніне тоқталды. Сонымен қатар жас оқырмандар ағартушының өлеңдерін жатқа оқып, оның шығармаларына деген қызығушылықтарын танытты.
Сондай-ақ «Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға ағартушының бай әдеби мұрасы мен шығармалары кеңінен насихатталды.







