«Тағдыр тағылымы»

 «Қабдеш Жұмаділов әлемі: «Тағдыр тағылымы»
№18 кітапхананың ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Қабдеш Жұмаділовтің туғанына 90 жыл толуына орай «Қабдеш Жұмаділов әлемі: «Тағдыр тағылымы» атты библиографиялық шолу сағаты өткізілді. Шараға №197 мектептің 9 «Б» сынып оқушылары қатысты.
 Шараның мақсаты – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа таныстыру, жазушының әдеби мұрасын насихаттау, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және ұлттық әдебиетке деген құрметін қалыптастыру.
 Шара барысында оқушыларға жазушының өмір жолы, шығармашылық қызметі және қазақ әдебиетіне қосқан үлесі туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар қаламгердің «Тағдыр» романының мазмұны мен көтерген негізгі тақырыптарына тоқталып, шығарманың тарихи маңызы мен тағылымдық мәні түсіндірілді. Библиографиялық шолу барысында жазушының кітаптары таныстырылып, қатысушыларға шығармаларын оқуға ұсыныс жасалды.
 Шара оқушылардың қазақ әдебиеті туралы білімдерін кеңейтуге, көркем әдебиетке қызығушылығын арттыруға және Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылық мұрасын тереңірек тануға бағытталды. 
15 қазан 2026 ж. 17

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам