» » «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ»

«Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ»

 «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ» атты мәнерлеп оқу сайысы
№9 кітапханада қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың туғанына 115 жыл толуына орай «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ» атты мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа №218 мектептің 6-сынып оқушылары қатысты.
Шараның мақсаты – ақын Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту және ақын мұрасын жас ұрпаққа таныту.
 Сайыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең «Қасымның тағдыры – өлеңнің тағдыры» деп аталып, қатысушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, өз өнерлерін ортаға салды. Екінші кезең «Өзім туралы өшпес жыр» атты сұрақ-жауап айдары бойынша өткізіліп, оқушылар Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына қатысты білімдерін сынады.
Шара барысында оқырмандар назарына «Дауылпаз ақын – Қасым Аманжолов» атты кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеге ақынның өмірі мен шығармашылығын танытатын кітаптар қойылып, қатысушыларға оның әдеби мұрасы туралы мағлұмат берілді.
Сайыс қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
І орын – Амангелді Ұлжан;
ІІ орын – Бекбенбетов Иманғали;
ІІІ орын – Мамыр Жалғас.
Сайысқа қатысқан оқушылар алғысхаттармен марапатталды.
Қорытындылай келе, шара өз мақсатына жетіп, оқушылардың Қасым Аманжолов шығармашылығына деген қызығушылығын арттыруға, поэзияны құрметтеуге және көркем сөз оқу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. 
15 қазан 2026 ж. 10

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам