«Адалдық – ең қымбат қасиет»

 №5 кітапханада «Адалдық – ең қымбат қасиет» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Шараға Қосшыңырау ауыл әкімшілігінің және мәдениет саласының қызметкерлері қатысты. 
 Шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдық, адамгершілік, әділдік пен жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланып, адалдықтың адам өміріндегі орны мен маңызы туралы ой-пікірлер ортаға салынды. Ауыл әкімдігінің бас маманы Асқар  Жүсіпов өз ойымен бөлісіп, адалдықты өмірлік ұстанымға айналдырудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ әрбір адамның қоғам алдындағы жауапкершілігі мен әділдік қағидаттарын берік ұстануы – парасатты қоғам қалыптастырудың басты негізі екенін атап өтті.
Іс-шараның мақсаты – адам бойындағы асыл қасиеттерді дәріптеу, өскелең ұрпақ пен қоғам мүшелерін адалдыққа, әділдікке және жауапкершілікке тәрбиелеу.
 
19 қазан 2026 ж. 14

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам