«Нан–дастархан байлығы»

 №1 кітапханада 16 қазан – Дүниежүзілік нан күніне орай жас оқырмандарға молшылықтың символы болып саналатын ас атасы нанның қадір-қасиетін ұғындыру, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында «Нан–дастархан байлығы» атты танымдық сағат болып өтті. Шараға Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейдің ұстазы Ажар Алматова шәкірттерімен бірге қатысты.
 Шара барысында «Дүниежүзілік нан күнінің» және нанның пайда болу тарихы баяндалып, күнделікті дастарханымыздағы бір үзім нанның қаншама адамның маңдай терінің, ерен еңбегінің, аялы алақанымен келетіні жайлы маңызды мәліметтер айтылды. Сонымен қатар қасиетті асымыз жайлы «Бір үзім нан» ертегісі, жазушы Ш.Мұртазаның «Интернат наны» шығармасы әңгімеленіп, нан өнімдерінің түрлері және нанға байланысты ырым-тыйымдар таныстырылды.
 Жас оқырмандар Сағи Жиенбаевтың «Таба нан», Жұмекен Нәжімеденовтің «Бір үзім нан», Өтебай Тұрманжановтың «Нан қиқымын шашпаңдар», Кәрім Сауғабаевтың «Нан туралы өлең», Күләш Ахметованың «Нан мен күн», Әлібек Шегебайдың «Таба нан» өлеңдерін мәнерлеп оқып, таным көкжиектерін кеңейтетін мақал-мәтелдер мен нақыл сөздердің жалғасын айтып, тапқырлықтарын көрсетті. 
19 қазан 2026 ж. 10

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам