«Қызылорда, жүрегімнің төріндесің!»
№18 кітапханада «Қызылорда, жүрегімнің төріндесің!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараға №197 мектептің 10 «Б» және 4 «Ә» сынып оқушылары мен тәлімгері Сандуғаш Тахаева қатысты.
Шараның мақсаты – жас ұрпаққа туған қаламыздың тарихын таныстырып, Қызылорданың өткені мен бүгіні туралы білімдерін кеңейту, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Сонымен қатар оқушылардың бойында отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін қалыптастырып, туған өлкенің қадір-қасиетін терең түсінуге баулу.
Көрме барысында оқушылар назарына Қызылорда қаласының тарихы, мәдениеті мен рухани мұрасы туралы сыр шертетін әдебиеттер ұсынылды. Кітап беттерінен туған қаланың шежіресімен танысқан жас оқырмандар туған жердің әрбір жетістігі мен тарихи құндылығы ел мақтанышы екенін ұғынды.







